10:21, 14 Сәуір 2025 | GMT +5
Астана халықаралық әуежайында терроризмге қарсы жаттығулар өтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – 14 сәуірде «Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы Астана әуежайында ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы «Найза – терроризмге қарсы-2025» атты терроризмге қарсы оқу іс-шарасын өткізеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

— Азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрайды. Іс-шараны өткізу кезінде әуе және автокөлік қозғалысын шектеу көзделмеген. Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ресми ақпарат көздерін басшылыққа алып, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу керек.
Айта кетелік Қазақстан терроризм қаупі ең төмен елдердің қатарында.