Астана халықаралық қаржы орталығында жаңа тағайындау
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ басқармасы төрағасының бұйрығымен Әсел Жұбанышқызы Жиенбаева Chief Digital Officer - «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі директоры болып тағайындалды, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.
Бұл лауазымға дейін Әсел Жұбанышқызы Жиенбаева «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ басқарма төрағасы болды. ҚР ҰБ Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары, «ҚР ҰБ Банк сервисі бюросы» РМК директорының кеңесшісі, Лондонда Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясының ақпараттық технологиялар қауіпсіздігінің басшысы болған.
Әр жылдары Eurasian Natural Resources Corporation PLС компаниясының ақпараттық технологиялар басқармасының ақпараттық технологиялар жобасы бойынша, маманы, менеджері болған. Кембридж университетінің бакалавриатын, магистратурасын бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де Executive Management бағдарламасы бойынша оқыған.