Астана қалалық № 2 балалар ауруханасына - 20 жыл

Емхананың бас дәрігері Қаршыға Құлмұқановтың айтуынша, 1993 жылдың мамыр айында 300 орындық облыстық аурухана болып ашылған емханада осы уақытқа дейін 180 000 мыңнан астам бала ем-дом алды. «Қазіргі кезде 14 клиникалық және 6 параклиникалық бөлімшелерде бір уақытта 350 бала стационарлық көмек ала алады. Жақ сүйек-бет патологиясы бар. Алдағы уақытта күйікке шалдыққан науқас балаларға арналған жаңа бөлімшелерді ашып, неврологиялық, нейрохирургиялық және травматологиялық оңалту көмектерін кеңейту жоспарланып отыр», - дейді Қ.Құлмұқанов.
Айта кетейік, № 2 қалалық балалар ауруханасы Астана және қалаға жақын аудандарда тұратын бүлдіршіндерге стационарлық, стационар алмастырушы және жаңа медициналық технологияны қолдана отырып консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін жалғыз көп салалы мекеме болып саналады. Аурухана Siemens, Эскулап (Германия), Medtronic (АҚШ), Keiseil medical industrialco, LTD (Жапония), Hocoma (Швейцария) сияқты әлемнің үздік компанияларының заманауи емдеу-диагностикалық құрылғыларымен жабдықталған.