Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бастығының ісі бойынша тергеу амалдары жалғасуда

АСТАНА. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бастығына әзірге ешқандай айып тағылып отырған жоқ»,

Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бастығының ісі бойынша тергеу амалдары жалғасуда
деп мәлімдеді бүгін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай. Бұл туралы ол журналистермен болған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның мәліметтеріне қарағанда, қаржы полициясы органдарының Астана қалалық өкілдері қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бастығына қатысты мемлекеттік сатып алулар кезінде қызмет өкілеттігін теріс мақсаттарға пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғаған. «Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Дегенмен басқарма бастығына қатысты нақты айып тағылған жоқ», - деді ресми өкіл.