Астана қалалық ішкі істер департаментінде тіл маманымен кездесу өтті

Бұл орайда таяуда Астана қалалық Ішкі істер департаментінде Астана қаласы әкімдігі Тілдер басқармасының қолдауымен мемлекеттік тілді насихаттау аясында Астана медицина университеті тағамтану және профилактикалық медицина кафедрасының профессоры, университеттің Мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминком мүшесі Мұхамбедия Ахмет-Төренің елордалық гарнизонның жеке құрамымен кездесуі өткізілді. Кездесу барысында Мұхамбедия Ахмет-Төре тіл туралы заңнама талаптарына түсініктеме беріп, аударма жұмысында туындайтын мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ қызмет барысында қолдану үшін шығарған сөздіктерімен таныстырды.
Қызықты да, мағыналы кездесу өткізген Мұхамбедия Ахметовке Астана қалалық Ішкі істер департаментінің басшылығы алғысын білдірді.