Астана қалалық Ішкі саясат басқармасы діни жоралғыларды өткізу ережелерін еске салады

құдайға құлшылық ету, діни жоралғылар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелері мен үй-жайларында, зираттар мен крематорийлерде, жақын жерде тұратын адамдардың құқықтары мен мүдделері сақталған жағдайда тұрғын жайларда, қажет болған кезде қоғамдық тамақтандыру объектілерінде бөгетсіз жүргізіледі (жасалады). Өзге жағдайларда діни іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар «діни жоралғыларды өткізуге арналған ғимараттардың ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасуын келіседі»
Осыған орай Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының ескертуінше, аталмыш Заңның талаптарына сәйкес келмейтін ғибадат бөлмелерінің қызметі тоқтатылуы тиіс, немесе Астана қаласының аумағында ресми тіркелген діни бірлестіктердің келісімімен аталған ғимараттарды жергілікті атқарушы органдармен келісуі тиіс.
Заңнаманы бұзушылық әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады.