12:40, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Астана қалалық Құрылыс департаментінің бұрынғы бастығы мен оның сыбайластарына мемлекеттің 1 миллиард 40 миллион теңгесін жымқырды деген айып тағылды
АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астана қалалық Құрылыс департаментінің бұрынғы директоры Нұрмағамбетов пен осы департаменттің бөлім бастықтары Мұстафаев пен Махметовке қызмет өкілеттігін теріс мақсаттарға пайдаланып,
1 миллиард 40 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген түкпілікті айып тағылды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның мәліметтеріне қарағанда, шенеуніктер жымқырған қаржы елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінен балабақша салуға, кітапханасы бар көппәтерлі тұрғын үй тұрғызуға, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша №5 қала құрылысы кешенін салуға және 1 мың 200 орындық орта мектептің құрылысына, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайын салуға бағытталған болатын. «Қазіргі таңда қылмысқа жауапты азаматтар мен олардың қорғаушыларын қылмыстық іс бойынша жинақталған материалдармен таныстыру шаралары жүргізілуде», деді ресми өкіл.