Астана қалалық прокуратурасында кадрлық өзгерістер болды

АСТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәми мен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қаланың жаңа прокуроры Мұхтар Әкебайұлы Жөргенбаевты ұжымға таныстырды.
None
None

М.Жөргенбаев 1955 жылы Алматы облысында дүниеге келген, Қарағанды Мемлекеттік университетін тәмамдаған. Прокуратура органдарындағы қызметін 1981 жылы бастады. 1999-2009 жылдар аралығында Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында прокурор қызметін атқарды. Аталмыш қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді.

ҚР Бас прокуроры мен қала әкімі, Астананың бұрынғы прокуроры Виктор Корчагинге басқарудағы шеберлігі мен елорда аймағында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді.

В.Корчагин Астана прокуратурасында бес жылдық қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты Ақтөбе облысының прокуроры қызметіне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар