13:44, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Астана қалалық Тұрғын үй басқармасының бұрынғы бастығына 91 миллион теңге бюджет қаржысын қолды етті деген айып тағылып отыр
АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астана қалалық Тұрғын үй басқармасының бұрынғы бастығы Е.Қабылдинге қызметтік өкілеттігін теріс мақсатқа пайдаланып, 91 миллион теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылып отыр.
Бұл мәселе жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, соттың санкциясы негізінде басқарма бастығы қамауға алынған. «Мемлекет бюджетінен қаржы ұрлау фактісі бойынша «Квартирное бюро» акционерлік қоғамының жетекшісі Е.Тұқтыбаев пен «Қарағанды-Бақыт-Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жетекшілерінің бірі А.Жаныбаевқа да айып тағылды. Айыпталушылардың екеуі де қазір үйқамақта отыр», деді ресми өкіл.