13:52, 28 Қаңтар 2009 | GMT +5
Астана қалалық Жастар мәслихатының депутаттарын сайлау өтеді
АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Ақпанның 27-сі күні Астана қалалық Жастар мәслихатының депутаттарын сайлау науқаны басталады. Бұл туралы бүгін елордада баспасөз конференциясында мәслихаттың сайлау штабының жетекшісі Салтанат Әли мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалада соған орай сайлауалды шаралар басталғандығын атап көрсеткен штаб жетекшісі, сайлауға 33 жоғары оқу орнынан және жалпы білім беру мекемелерінен 3 мыңға тарта жас қатыса алатындығын айтты. «Бүгінде депутаттыққа үміткер ретінде тіркелгендер 63-ке жетті. Сайлауалды науқан жұмысы ақпанның 2-сінде басталады», дейді ол. «Жастар мәслихатына сайланған депутаттар Жастар мәжілісінің қатарын толтырады. Бүгінде елімізде 8 мыңға жуық жастар ұйымдары бар. Жас депутаттар жастар ұйымдарының көтерген келелі ұсыныстары мен ойларын мәжіліске жеткізіп, шешімін мемлекет деңгейінде шешуге мүмкіндік жасайды», деп атап көрсетті С.Әли.