Астана қаласының «Үркер» тұрғын алабында газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM - Астана қаласының «Үркер» тұрғын алабында 2024 жылға жоспарланған газ тарату желілерінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Астананың Үркер ауданы газбен қамтылды
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Жоба Астана қаласын газдандыру бағдарламасын орындау аясында жүзеге асырылды. Бұл бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге және газбен жабдықтауды тиімді енгізуге мүмкіндік берді.

Аяқталған жұмыстардың нәтижесінде табиғи газға 5000 үйден кем дегенде 1000 үй қол жеткізді. «Үркер» тұрғын алабындағы газды қосу жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын едәуір арттырып, оларды экологиялық таза және тиімді жылумен қамтамасыз етеді.

Тұрғын алаптағы қалған үйлерді газбен қамтамасыз ету 2025 жылы аяқталады деп күтілуде.

«Бұл жоба Астана қаласының инфрақұрылымды жақсарту және халыққа қолайлы жағдай жасау жөніндегі стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін газбен жабдықтау саласындағы апаттың 70%-ы газ баллонынан болатыны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар