Астана қаласы аудан әкімдерінің халық алдындағы есептік кездесулері өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қаңтардың 20-27-сі аралығында Астана қаласындағы Сарыарқа, Есіл және Алматы аудандарының әкімдері 2009 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп береді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әр ауданның әкімі халықпен 5 кездесу өткізеді. Мәселен, Алматы ауданының әкімі Сапар Ахметов қаңтардың 20-25-і аралығында - №57 және №54-ші орта мектептер мен Еуразия гуманитарлық институтында кездесулер өткізіп, өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп береді. Сондай-ақ ол, осы күндері «Астанателеком» қалалық телекоммуникациялар орталығы мен «№1-ші Автобус паркі» АҚ-ның ұжымымен жүздеспек.

Есіл ауданының әкімі Қайрат Жаңабергенов өзініңкездесуін қаңтардың 20-27-сі аралығында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да, №45 және 24-ші мектептерде, Қазақ гуманитарлық заң университеті мен Қазақ-Ресей университеттерінде өткізбек.

Ал «Тұран» университетінде, Вагон жөндеу зауытында, «Көктал» кентіндегі Мәдениет үйінде, «Өндіріс» кентіндегі №49-шы орта мектеп пен М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында өтетін жиналыстарға Сарыарқа ауданының әкімі Сәбила Мұстафина қатысады.

Астаналықтар көкейлерінде жүрген сұрақтарын, ұсыныс-пікірлері мен шағымдарын кездесулер барысында болмаса, қаланың әр жеріне орналастырылған арнайы жәшіктер арқылы алдын ала жолдай алады. Қалада ондай барлығы 32 жәшік орнатылды.

Айта кетейік, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен басталған барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есептік кездесулері осымен алтыншы жыл қатарынан өткізіліп отыр. Жергілікті атқарушы органдар мен аумақ тұрғындарының арасындағы кері байланыс механизмі ретінде дәстүрге айналған кездесулер өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар