Астана қаласы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы 1 қазан жағдайы бойынша нарықта жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9,4%-ға артты.
Бүгінгі таңда олардың саны 98736 бірлікті құрады, соның ішінде - 25397 заңды тұлға, 73332 - дара кәсіпкер және 7 шаруа қожалығы.
Сондай-ақ, 2015 жылдың қазан айының басына дейін шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 28%-ға артып, 285388 адамды құрады. Жыл басынан бері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнімдер 1275762 млн. теңгені құрады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.