Астана қаласы мектеп бітірушілерінің 25 пайызы заңгер-құқықтанушы мамандығын таңдайды

амыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жыл сайын Астана қаласындағы мектеп бітірушілердің 25 пайыздайы заңгер-құқықтанушы мамандығын таңдайды. Бүгін «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл: заңнаманың ілгері жетілдіру» атты тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Айда Балаева осылай мәлім етті.
None
None

«Бүгінгі күні елдегі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді азаматтық қоғам институттары арқылы шешудің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Бір ғана мысал жылына 20 мыңнан астам елорда халқы қоғамдық ұйымдар арқылы мәселелерін шешуге мүмкіндік алып келеді. Бұның ішінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы 10 мыңнан астам тұрғын әлеуметтік көмекпен қамтылады. Бұлардың қатарына заңдық-құқықтық кеңестерді, қайырымдылық шараларын, түрлі акцияларды қосуға болады. Әрине, Ата заңды қастерлеу бүгінгі күннің ғана міндеті емес, бұл жылдардан жылдарға жалғасатын, ғасырдан ғасырға табысталатын ұлы мұра. Сондықтан да, Ата заңды құрметтеуді ең алдымен мектеп қабырғасынан бастау қажет», деді әкім орынбасары. Оның айтуынша, жас буын үшін конституциялық құқық, құқықтық еркіндік, құқықтық қорғау сынды түсініктер қастерлі ұғымға айналып отыр. Бұл еліміздің тәуелсіз ел ретінде қол жеткізген ең басты құндылықтары

«Бүгінгі күні білім талапкерлерінің басым бөлігі заңгер-құқықтанушы мамандықтарына таңдау жасайтыны белгілі. Астана қаласы бойынша бұл көрсеткіш мектеп бітірушілердің 25 пайызын құрайды. Бұл болашақ білікті заңгерлер армиясының қалыптасып келе жатқанын дәлелдейді», - деді А. Балаева.

Соңғы жаңалықтар