Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астана қаласынан барлық бағыттар бойынша жолдар ашылды

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - 31 қаңтар күнгі сағат 13.00-ден бастап Астана қаласынан барлық бағыттар бойынша шығатын жолдар ашылды.

Астана қаласынан барлық бағыттар бойынша жолдар ашылды

 Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Сондай-ақ хабарланғандай, ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты келесі учаскелерде жолдар әлі де жабық:

  • «Астана - Ерейментау - Шідерті» автожолының Ерейментау - Павлодар облысының шекарасы (159 - 205 шақырым аралығы) учаскесінде - автокөліктің барлық түрлері үшін;
  • «Омбы - Майқапшағай» автожолының Семей - Павлодар облысының шекарасы (733-587 шақ.) учаскесінде - автокөліктің барлық түрлері үшін;
  • «Семей - Қайнар» (8-284 шақ.) автожолында - дизельді және жолаушы автокөліктері үшін;
  • «Қызылорда - Павлодар» автожолының Қарағанды - Павлодар (970-1135 шақ.) учаскесінде - автокөліктің барлық түрлері үшін;
  • Павлодар қаласынан барлық бағыттар бойынша шығатын жолдар  автокөліктің барлық түрі үшін жабық.

 Құрметті республикамыздың қонақтары мен тұрғындары!

Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 444-777. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.

            «Қазақавтожол» РМК диспетчерлік қызметтерінің байланыс телефондары:

Ақмола облысы  /7162/ 77-10-15

Алматы облысы  /7272/ 95-80-09, 95-88-74

Ақтөбе облысы  /7132/54-46-42, 54-40-36

Атырау облысы  /7122/ 29-01-44, 29-21-80

Шығыс Қазақстан облысы  /7232/ 26-28-08, 24-08-98

Жамбыл облысы  /7262/ 31-50-83, 31-60-05

Батыс Қазақстан облысы  /7112/ 51-08-80, 51-06-10

Қарағанды облысы  /7212/ 73-40-01

Қостанай облысы  /7142/ 55-82-25, 55-82-30

Қызылорда облысы  /7242/ 27-64-85, 27-77-06

Маңғыстау облысы  /7292/ 60-53-06, 60-53-07

Павлодар облысы  /7182/ 57-09-44

Солтүстік Қазақстан облысы  /7152/ 36-74-39

Оңтүстік Қазақстан облысы  /7252/ 55-80-95