Астана қаласында 14 ғимаратты қайтарудың нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қосымша үш мыңға жуық орын ашылады - Үкіметтегі кеңес

А. Қарашаның 28-і.ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Астана қаласындағы мектепке дейінгі білім және тәрбие беру ұйымдары желісін дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті,
None
None

деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Кеңес барысында түрлі мемлекеттік құрылымдар орналасқан бұрынғы бала бақшалардың ғимараттарын коммуналды меншікке қайтару мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың басшылары  мен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың баяндамалары тыңдалды. Тек Астана қаласының өзінде 14 ғимаратты қайтарудың нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қосымша үш мыңға жуық орын ашылады.

Осыған дейін Үкімет елімізде мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері мен қосымша орындарды ашуға бағытталған қысқа мерзімді және орта мерзімді сипаттағы шараларды айқындағаны мәлім.

Қазіргі таңда қолға алынған іс - шаралардың нәтижесінде жыл соңына дейін еліміздегі бала бақшаларда қосымша 24 500 орын ашылады. 2010 жылы республика бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тағы 74 300 орын ашу жоспарланып отыр.

Бүгінгі кеңес қорытындысы бойынша Премьер - Министр белгіленген шаралардың атқарылуын ұйымдастыруға қатысты жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар