10:05, 29 Қараша 2011 | GMT +5
                                        Астана қаласының Сарыарқа және Есіл аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды
                                            АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астана қаласының Сарыарқа және Есіл аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды.
                                        
                                        
                                     
                                              Бүгін таңертең Астана әкімдігінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс 74-ші сессиясы өтті. Жаңа тағайындаулар туралы ұсынысты елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов жасады.  Сессияға қатысқан депутаттардың бірауыздан қолдауымен бұған дейін Сарыарқа ауданын басқарған Сәбиля Сапарқызы Мұстафина - Есіл ауданының әкімі, Астана қалалық мәслихатының хатшысы қызметіне жуырда ғана  тағайындалған Ермек Сабырбекұлы Оспанов - Сарыарқа ауданының әкімі болып тағайындалды.
 Сессияға қатысқан депутаттардың бірауыздан қолдауымен бұған дейін Сарыарқа ауданын басқарған Сәбиля Сапарқызы Мұстафина - Есіл ауданының әкімі, Астана қалалық мәслихатының хатшысы қызметіне жуырда ғана  тағайындалған Ермек Сабырбекұлы Оспанов - Сарыарқа ауданының әкімі болып тағайындалды. 
Сессияда мәлім болғанындай, Есіл ауданының бұрынғы әкімі Қайрат Жаңабергенов басқа жұмысқа ауысты. Еске сала кетейік, Астана қаласының үшінші - Алматы аудандық әкімдігін Сапар Ахметов басқарады.