Астана - Қазақстанның мақтанышы

«Жаңа астана ежелден ұлт ұясы саналған Ұлытаудан салынсын» деген де пікірлер болғаны есімде. Бірақ Елбасы құрған комиссия тиісті мәселелерді қарастыра келіп, соған сәйкес деп табылған Ақмолаға тоқтады. Сол кезде Ақмола қаласында 290 мыңдай ғана адам бар еді.
Таңдау өте дұрыс жасалды. Өйткені Ақмола тоғыз жолдың торабындағы, еліміздің кіндік тұсына орналасқан қала болуымен ерекшеленетін. Астананың Ақмолаға ауыстырылуы елдің, жердің тұтастығын сақтап қалуға алғашқы сәттен бастап игі әсерін тигізді деп нық сеніммен айтуға болады.
Ақмола қаласын Астана қаласы деп атау туралы шешімнің де орынды болғандығы сөзсіз. Әдемі естіледі, әлемнің барша халықтарының тілдерінде оңай айтылады. Сондықтан болар, Астана дүниежүзіне тез танылды. Астанаға 1999 жылы ЮНЕСКО шешiмі бойынша «Бейбітшілік қаласы» деген атау берілді, арнайы медальмен марапатталды.
Қазіргі уақытта қалада көптеген заманауи сәулетті құрылыс жобалары іске асырылып жатыр, қала күннен-күнге көркейіп, өз келбетін көз алдымызда өзгертуде. 2002 жылы ашылған биіктігі 91 метр «Астана-бәйтерек», «Отан Ана», «Қазақ елі» мемориалды кешендері, «Хан шатыр» сауда және «Думан» ойын-сауық орталықтары, Декоративтік мүсіндер, салтанатты Ақорда, сәулеті келіскен сол жағалау, келбеті өзгеше келісім сарайы, т.т. сынды ғажайыптары бар сұлу шаһар Астананың көркіне көзің тоймайды.
Қалада әр жыл сайын түрлi халық¬аралық форумдар, көрмелер, конференциялар, музыкалық шаралар және фестивальдар өтедi.
Ұлттық реңдегі көрнекті орындар мен монументтерді, ерекше сәулеттік ғимараттарды, мәдениет және ойын-сауық орталықтарды, мұражайлар, театрлар және галереяларды, сауда орталықтар, астаналық аллеялар, түрлі халықтардың ұлттық асханалары - осының барлығын Сіз әлемнің ең жас бас қаласында, Астанада табасыз! Ең ғажабы сол, Астана сәт сайын құлпырып, сән-салтанатын асқақтата түсуде. Мен басқарып отырған «Ұлытау қыздары» қоғамдық бірлестігі Ұлы Жеңіс мерекесіне орай бір топ ардагерлерді Астана қаласына саяхатқа апарып қайтты. Ару Астананы аралаған ардагерлеріміздің елдің экономикалық қуатына сенімдері нығайды, бірлікті елдің бейбітсүйгіш халқының ынты¬мақпен, ымырамен кез келген қиын¬шылықты жеңе алатындығына тағы бір мәрте көздері жетті. Ардагерлердің «90-жылдары осындай қала саламыз дегенге елдің басым көпшілігі күдікпен қараған еді.Бірақ Елбасы елін соңынан ерте білді. Көштің көркін көріктендіре білді» деген пікірлерінен артық баға беру меніңше, мүмкін емес. «Астана келбеті - ұлт келбеті» деп Елбасы айтқандай, бұл - шын мәніндегі жаңа дәуірдің қаласы. Астана - толассыз түлеу, дамыл¬сыз даму үстіндегі әсем қала. Астана - жұртымыздың жан жүрегі!
Астана - Қазақстанның мақтанышы, көз қуанышы. Азия құрлығының солтүстігінде кең қанат жайып, жарқырап-жайнап бой көтерген ару да әсем қала. Бүкіл ел абыройының асқақ көрінісі, мемлекетіміздің мақтан тұтар айнасы.
Дүниежүзі халықтарының көпшілігі туристік, дипломатиялық сапармен қонаққа келіп, елордамыздың жылдан-жылға көркейіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму қарқынын үдете түскеніне таңырқай да тамсана қарайды. Бүгінгі таңда Астана әлем елдерінің тарихында шапшаң жылдамдықпен қарыштап, инфрақұрылымдық сатылардан тайсалмай, өсіп-өркендеп келе жатқан еңселі шаһарлардың бірі де бірегейі