17:39, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Астана» клубының кәсіпқой велошабандоздары АҚШ-тағы жарысқа қатысады
АЛМАТЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» велоклубының спортшылары қаңтардың 20-25-і аралығында АҚШ-та өтетін "Tour Down Under» жарысына қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Онда қазақстандық кәсіпқой велоклуб намысын 7 шабандоз қорғайды. Олар - Асан Базаев, Максим Иглинский, Лэнс Армстронг, Хесус Эрнандес, Стив Морабито, Михаэль Шор және Хосе Луис Рубьера. Олар қаңтардың
18-і күні Австралияда өтетін «Cancer Council Classic» бәсекесіне де қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл жаңа маусымдағы алғашқы жарыс болмақ. Астаналық шабандоздарды дүбірлі додаларға клубтың бас менеджері Йохан Брюнель бастап барады.