09:32, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
«Астана» клубының велошабандоздары Бельгиядағы жарысқа қатысады
АЛМАТЫ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» велоклубының шабандоздары наурыздың 6-8 күндері Бельгиядағы «West-Flanders» жарысына қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Онда қазақстандық кәсіпқой велоклубтың намысын Берік Көпешов, Болат Райымбеков, Роман Киреев, Грегори Раст, Сергей Ренев пен Андрей Зейц қорғамақ. Оларға спорт директорларынан Александр Шефер жетекшілік жасамақ. Бұған дейін олар наурыздың 1-інде Бельгия мен Швейцариядағы бір күндік сайыстарға қатысқан. Мәселен Дирк Демолдың басшылығымен Берік Көпешов, Болат Райымбеков, Грегори Раст пен Сергей Ренев «Kuurne-Brussels-Kuurne» (Бельгия) жарысында бақ сынады. Ал Андрей Зейц пен Роман Киреев өзге командалас серіктерімен Александр Шефердің жетекшілігімен «GP Lugano» (Швейцария) бәсекесінде сынға түсті.