Астана-Қорғалжын автожолында 20 көлік қар құрсауында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана - Қорғалжын - Қорғалжын қорығы (170 км) күре жолында 20 жеңіл көлік пен 30-дан астам адам қар құрсауында қалды.
None
None


Адамдар көмек сұрап құтқарушыларға хабарласты, әлеуметтік желілерге жазды.

«Ақпарат дереу Қорғалжын ауданының әкімі мен әкім орынбасарына берілді. Техникалар тұрып қалған жерге «Газ-66 Вахтовка» мен күреуіші бар фронтальдық жүк тиегіш көлігі аттанды», - деп мәлім етті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Ресми өкіл атап өткендей, қазіргі уақытта адамдарды қауіпсіз жерге шығару және техникаларды тіркеп сүйреу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар күн райының нашарлауымен қиындатылуда. 

Соңғы жаңалықтар