Астана-Қосшы бағытындағы жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Астана-Қосшы бағытында болған жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков айтты.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, Астана мен Ақмола облысының Қосшы елді мекені автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды. «КамАЗ» базасына орнатылған кран солға қарай бұрылар кезде қарсы келе жатқан 43-ші маршруттағы Қосшы-Астана автобусын өткізбеген. Осының салдарынан қақтығыс орын алды. «КамАЗ» жүргізушісі автокөлігін басқара алмай, тағы үшінші машинамен соқтығысты. ЖКО нәтижесінде төрт көлік қақтығысып, 16 адам зардап шекті, оның үшеуі ауруханаға жеткізілді. 13 адамға медициналық көмек көрсетіліп, олардың барлығы үйлеріне жіберілді. Үш адам ауыр халде жатыр. Оның біреуі қазір ес-түссіз жағдайда, яғни бас сүйегіне зақым келген, бұл адамға ота жасалмақ. Сөз соңында С.Жүсіпбеков осы ЖКО бойынша міндетті түрде қылмыстық іс қозғалатынын айтты. Жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші Қылмыстық Кодекстің 296 бабы бойынша үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар