Астана құмырсқа илеуіне айналып бара жатқан жоқ па — вице-министр жауабы

АСТАНА. KAZINFORM — Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Олжас Сапарбеков Астанадағы тұрғын үй алаптары құмырсқа илеуіне айналып кеткені туралы сындарға жауап берді. 

Астана
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— Бүкіл үйлер бекітілген талаптар бойынша салынып жатыр. Басқа елдерде адамдар қалай тұрып жатқанын салыстырып қарасаңыздар жетіп жатыр. Шын мәнінде біз мүлде құмырсқа илеуіндегідей ұйлығысып тұрып жатқан жоқпыз, — деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол баспана бағасын сұраныс анықтайтынын еске салды.

— Баға қолжетімді ме? Бұл риторикалық сұрақ. Сұраныс болса, ұсыныс та болады. Баспана сатып алуға болады. Баспана деген барып сатып ала салатын тауар емес екенін түсіну керек. Біз де баспана алу үшін ақша жинағанбыз. Бізде баға, сапа, бөлме саны бойынша, орналасқан ауданы бойынша таңдау бар, — деді Олжас Сапарбеков.

Бұған дейін Шымкентте ипотекасын төлей алмаған көпбалалы отбасы баспанасыз қала жаздағанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар