Астана күні ел бойынша 450-ге жуық сәби дүниеге келді

АСТАНА. KAZINFORM — Елорда күні — 6 шілдеде еліміздің медициналық ұйымдарында 448 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 223 ұл және 225 қыз бар.

Новорожденные младенец нәресте сәби
Фото: Kazinform

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке күні Қазақстанда екі егіз дүниеге келді, олардың екеуі де Астана қаласында туған.

— Ең көп нәресте — 67 сәби Түркістан облысында дүниеге келді. Алматы қаласында 44 сәби өмір есігін ашса, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден тіркелді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, жүкті, босанатын әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге перзентхана мамандары тәулік бойы қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. 

Бұдан бұрын Астана күніне орай Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі еліміздің бас қаласы туралы 20 қызықты деректі ұсынды.