Астана күнінде өнер көрсететін жұлдыздардың есімдері белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 шілде күні сағат 19.00-де Қала күні мерекесі аясында елордадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде «Асқақтай бер, Астана!» отандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының бірегей концерті өтеді.
None
None

Бұл туралы Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан хабарлады.

Айта кетейік, Астана күні мерекесі аясында отандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының гала-концерті осымен бесінші мәрте өткізілмек. Аталмыш концерттер Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін тамаша тарту болғаны сөзсіз. Себебі олар осы шарадан ерекше шоу мен сүйікті орындаушыларының өнер көрсетуін асыға күтеді. Биыл «Сарыарқа» республикалық велотрегі ғимаратында өтетін концертке хит-шерулердің көшін бастаған отандық және шетелдік эстрада жұлдыздары қатысады. Атап айтсақ, онда «The Jigits», «Пицца» топтары, Ғалымжан Молданазаров, Қайрат Нұртас, Полина Гагарина, «Blue» тобы өнер көрсетпек.

Соңғы жаңалықтар