Астана күніне орай Алматы облысының полицейлері әкімнің қолынан қызметтік көліктер алды

Салтанатты шара жұмыс аяғының соңына қарай Талдықорған қаласының орталық алаңында өтті.
Облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінен хабарлағандай, 35 автокөлік жол полициясы басқармасына, 62 автокөлік патрульдік полицияға, ал 15 көлік жедел қызметке бөлінді. Сонымен қатар, биылғы жылы компьютерлік және арнайы тениканың 70 данасы да сатып алынды.
«Осы шаралар қылмыстық ахуалға бақылауды өз деңгейінде ұстап отыруға, қызметтің көрсеткішін жақсартуға және қылмыстың төмендеу үрдісін бекітуге мүмкіндік бермек», - деп атап өтті өз сөзінде облыстық ІІД бастығы Жайлаубек Кембаев.
Жалпы алғанда, Ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2010 жылы облыстық бюджеттен 388,5 млн. теңге бөлінді. Оның 250 млн. теңгесі автокөлікті алуға жұмсалды. Сонымен қатар, түрлі модельді қызметтік көліктердің 144 данасын жеткізуге келісім жасалды.