Астана күніне орай Созақта 3 әлеуметтік нысан ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 шілде Астана күніне орай Созақ ауданында үш әлеуметтік нысанның ашылып, 58 адам жұмыспен қамтылды.
None
None

Солардың бірі жеке кәсіпкер Ербол Қарнақбаев салған 150 орындық балабақша. Ол Созақ ауылындағы ескі мектеп ғимаратын қайта күрделі жөндеуден өткізіп, ауыл халқының игілігіне пайдалануға беріп отыр. Лента қию рәсімінде аудан әкімі барша тұрғындарды бас қаламыз Астана күнімен құттықтап, Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерге тоқталып өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Заман талабына сай жабдықталған «Ербол» балабақшасында балаларға қажеттінің барлығы бар. Демалыс бөлмесі, медицина кабинеті, асхана, балалардың өнер көрсететін кең бөлмесі, тіпті бейнебақылау камераларыда орнатылған. Мұнда 46 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылды. Осы күні Қыземшек кентінде жеке кәсіпкер Қарлығаш Нұрмаханованың ұйытқы болуымен 100 орындық «Сымбат» балабақшасы ашылды. Аталған балабақшада бүгінде 8 адам жұмыспен қамтылса, алдағы уақытта қыземткерлер саны артатын болады.

Созақ ауданында осы уақытқа дейін 3 176 бала - балабақшамен қамтылып, «Балапан» бағдарламасының орындалуы 85,4 пайызға жетсе, бүгінгі пайдалануға беріліп отырған 2 балабақшамен бағдарламаның орындалуы 87 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін тағы 8 балабақшаны ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қыземшке кентінде ашылған тағы бір нысан ол- мал сою алаңы. Жеке кәсіпкер Мейрамбек Жүзбаев басқаратын мал сою алаңында 4 адам жұмыспен қамтылып отыр. Шағын мал сою алаңы күніне 500 кг ет өнідіреді. Алдағы уақытта сұранысқа сай, жұмысшы саны да көбейе түспек.

Соңғы жаңалықтар