12:09, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
«Астана құрылыс» АҚ-ның елордада салынып жатқан спорт нысанының екінші қабатынан жұмысшы құлады
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Елорданың «Есіл» ауданында салынып жатқан «Республикалық велотрек» нысанында төтенше жағдай орын алды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлағанындай, бейсенбі күні 15 сағат 32 минөтте құрылыс жұмыстарының барысында нысанның екінші қабатынан «Астана құрылыс» АҚ-ның 19 жасар түрлі жұмыстар атқаратын жұмысшысы құлады. Жарақат алған ол ауруханаға жеткізілді.