Астана құрылыс департаментінің қызметкерлері мемлекетке 1 млрд. 40 млн. теңге шығын келтірді

None
None
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Елордалық құрылыс департаментінің қызметкерлері мемлекетке 1 млрд. 40 млн. теңге шығын келтірді.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының Құрылыс департаментінің бұрынғы директоры Асқар Нұрмағамбетовке мемлекеттік сатып алу шаралары кезінде қызмет өкілеттігін теріс мақсатқа пайдаланды деген айып тағылған болатын. «Арнайы жүргізілген тергеу барысында Астана қаласы Құрылыс департаментінің бұрынғы директоры және осы департамент бөлімдерінің екі басшысы заңсыз әрекеттерімен мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам шығын келтіргені анықталды. Қазір тергеу ісі жалғасуда. Келтірілген шығынның сомасы өзгеруі мүмкін», - деп атап өтті М.Жұманбай.
Соңғы жаңалықтар
telegram