Астана қысқы Азия ойындары кезінде спорттық шараға қатысу үшін арнайы келетін 5 мыңға жуық адамды күтуге дайын болуы тиіс

әуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -«VII қысқы Азия ойындары 2011 жылдың қаңтар айының 30-да басталады. Ал ұйымдастырушылар үшін қысқы олимпиада бұдан ертерек басталады.

Астана қысқы Азия ойындары кезінде спорттық шараға қатысу үшін арнайы келетін 5 мыңға жуық адамды күтуге дайын болуы тиіс

Себебі қысқы ойындар басталардан кемінде 20 күні бұрын біз елге келетін қонақтар қалаға қоныстанып, климаттық жағдайға бейімделулері үшін барлық мүмкіндіктерді жасауымыз қажет», дейді «VII қысқы Азия ойындары мен олимпиада алауы эстафетасын ұйымдастыру жөніндегі қалалық дирекция» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Найль Нуров. Бұл туралы ол бүгін «VII қысқы Азия ойындары: дайындық деңгейі және бірлескен қимылдардың басым бағыттары» атты дөңгелек үстел отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Азия ойындарының бағдарламасы толық дайындалып бітті. Оған сәйкес, елордада мәнерлеп сырғанау, шорт-трэк, ерлер арасындағы хоккей, конькимен жарыс сияқты спорттық шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар шаһарда Азия ойындарының ашылуы мен жабылу салтанаты өтеді. Бұған қоса елордада Азияның олимпиадалық кеңесінің Бас ассамблеясының мәжілісі өтеді. Оған Азиядағы 45 мемлекеттің өкілдері қатысады. «Бүгінге дейін Азия ойындарына қатысуға Азияның 32 олимпиада комитеті ұсыныс білдірді. Жалпы алғанда біз елімізге айтулы спорттық шараға қатысу үшін 1 мың 400 спортшы келеді деп күтудеміз. Төрешілер мен қызмет көрсетушілерді және 1 мыңнан астам ақпарат құралдарының өкілдерін қоса алғанда, Азия ойындарына қатысу үшін арнайы тіркеуден өткен 5 мыңға жуық азаматтарды қарсы алуға дайын болуымыз қажет», деді директор.

Оның сөзіне қарағанда, шараға тағы бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар қатысады деп күтілуде. Атап айтқанда, Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Жак Роги келеді деп күтілуде.