Астана, Лондон, Вашингтон мен Мәскеуде бір мезгілде ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалады

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Менің Қазақстаным! Менің Астанам!» атты ауқымды жастар патриоттық акциясын өткізуді жоспарлауда.
None
None

Аталмыш іс-шара Қазақстан жастарының достастығын, өзара келісімін, біртұтастығын бейнелейді. Жер шарының әр түрлі елдерінде жастар бір мезгілде Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды. «Атамекен» этно-мемориалдық кешені алдындағы алаңда жоғары оқу орындары мен колледждердің 1 мыңнан астам студенті, жастар ұйымдары мен зиялы қауым өкілдері, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары, баршаға танымал Олимпиада чемпиондары жиналады деп күтілуде

Концерттік бағдарлама барысында «Жас Ұлан» Республикалық мектебінің дауылпаз және үрмелі аспаптар оркестрі, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары, ҚР Туларын ұстаған велосипедшілер өз өнерлерін паш етеді.

Акцияға Астанадан, Лондоннан, Вашингтон мен Мәскеуден қатысушылар бір мезгілде Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайтын болады, бұл сәт алаңға арнайы орнатылған LED экраннан көрсетілетін болады.

Іс-шара Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өтетін диско-концертке ұласады.

Соңғы жаңалықтар