Астана маңындағы Ильинка кентінде жүк көлігі басып кеткен 2 жасар бала мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық Ішкі істер департаменті Ильинка кентіндегі үйдің ауласында көліктің баланы басып кетуі фактісі бойынша сот алды тергеу жүргізуде.
None
None

«30 мамырда сағат 16.30-да Ильинка кентінде «ГАЗ-53» көлігінің жүргізушісі үй ауласында 2013 жылы туылған баланы басып кетті. Ауыр дене жарақаттары салдарынан бала «жедел жәрдем» көлігінде көз жұмды», делінген Астана қалалық ІІД-нің хабарламасында. Бұл факті бірыңғай сот алды тергеу тізіліміне «абайсызда кісі өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу» ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша енгізілді. Қажетті сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті сол күні ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. 1 маусымда Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты жүргізушіге қатысты «үй қамағы» түрінде бұлтартпау шарасын қабылдады. Тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар