21:08, 31 Шілде 2017 | GMT +5
Астана мектептеріне 500-ден астам мұғалім керек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тамыз айының басында елордада қалалық білім ордаларының қатысумен білім саласындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, жәрмеңке 4-тамыз күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Республика даңғылы бойындағы «Жастар» сарайында өтеді.
«Шараға 50 жұмыс беруші шақырылған. Олар 500-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынбақ», - делінген таратылған хабарламада.