Астана мен Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат- Астана мен Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен.
Астана қаласында 8 желтоқсан және 9 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей уақытта 23 м/с сақталады.
Сондай-ақ 8-де, тәулік бойы 9 желтоқсанда Ақмола облысында бұрқасын, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан жоғары күшейеді, кей жерлерде көктайғақ сақталады.