Астана мен Алматы арасындағы автожолдың бір бөлігі 2 айға жабылады

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – 12 мамырдан бастап Алматы облысында «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі.

Алматы – Өскемен автожолының учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды
Фото: Видеодан алынған кадр

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Астана – Қарағанды – Алматы» жолының 1121–1186 шақырым және 1194–1209 шақырым аралықтарында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Осыған байланысты биыл 12 мамырдан бастап 12 шілдеге дейін күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін Күрті – Шабыт учаскесінде (1121–1177 шқ) көлік қозғалысы уақытша жабылады. Жөндеу жұмыстары кезеңінде көлік қозғалысы айналма жол арқылы ұйымдастырылады.

п
Фото: ҚазАвтоЖол

- Жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп хабарлады компаниядан.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында Күрті — Қонаев автожолы 4 жолаққа кеңейгенін жазғанбыз.