Астана мен Алматыда және тағы төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Астана мен Алматыда және тағы төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

– 11 сәуірде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Астана, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Еске сала кетсек, Өскеменде ауаға тараған 3 зиянды заттың шығарындысы шектен асып кеткен.