Астана мен Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері видеожетон пайдалана бастады
АСТАНА. KAZINFORM – Астана мен Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері видеожетон пайдалана бастады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді.

— Жақын арада Астана мен Алматы қаласында жедел жәрдем қызметкерлерінің бейнежетондарды пайдалану жаңа пилоттық жобасы іске қосылды. Бұған дейін жедел-жәрдем қызметкерлеріне пациенттердің күш көрсету оқиғалары болғанын білесіздер. Бүгінге дейін медицина мамандары осындай құрылғыны пайдалана отырып 3000-нан астам шақыртуға барды. Бір байқағанымыз, адамдар видеожетонды көрісімен өзін сыпайы ұстай бастайды, - деді ол ОКҚ алаңында.
Мәліметке сай, құрылғылар SOS батырмасымен, геолокация функциясымен жабдықталған және шақыртуға барғандағы бейнежазбаны автоматты түрде сақтайды. Болашақта жобаны бүкіл елге таратылмақ.
Айта кетейік, сәуір айының соңында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова алдағы уақытта жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуларға видеожетонмен баратынын хабарлаған болатын.
Елімізде 1 мамырдан бастап жедел жәрдем қызметі мен мобильді бригадалар екіге бөлініп жұмыс істей бастады. Олардың айырмашылығы неде? Қай бригада қандай көлікпен жүреді? Жиналмалы сөмкелерінде не болуы тиіс? Бұл сұрақтардың жауабын мына жерден табасыз.