Астана мен Алматының ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамдары ұсынылды. 

Астана мен Алматының ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде:

— доллар: сатып алу — 537,65 теңге, сату — 539,56 теңге;
— еуро: сатып алу — 625,02 теңге, сату — 629,32 теңге;
— рубль 6,58 — 6,70 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау пунктерінде:

— доллар 534,41 теңгеден сатып алынады, 541,39 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 621,31 теңге, сату — 631,30 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,60 теңге, сату — 6,70 теңге.

Еске салайық, өткен аптада сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,39 теңгеге арзандап, 537,34 теңге болды.