Астана мен Алматы қалаларында санақ алу төмен қарқында жүруде ? Статистика агенттігінің басшысы

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астана мен Алматы қалаларында санақ қарқыны өзге аймақтармен салыстырғанда төмен жүруде. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешімбаева мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, Астана қаласы екі күндік жоспарды 86 пайызға, Алматы 74 пайызға орындаған. Ал мұндай қарқынмен аталмыш қалалар белгіленген жоспарды 10 күнде орындай алмайды. «Осы орайда әсіресе, алматылықтарды белсенділік танытуға шақырамын. Өйткені санақтан қанша адам өтсе, сонша көрсеткіш аумақтық органдар мен республикалық бюджеттің тізіміне енгізіліп, Алматы алдағы 10 жылда сол көлемде қаржыландырылатын болады», - деді ол. Сондай-ақ Ұлттық халық санағы басталғалы екі күнде белгіленген жоспарды асыра орындап отырған аудандар да анықталды. Олар Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан. А.Мешімбаеваның айтуынша, бұл қарқынмен аталмыш аймақтар санақты жексенбі күні аяқтайтын болады. Алдағы демалыс күндері республика халқының басым бөлігін тіркеуден өткізу жоспарланып отыр. Статистика агенттігінің басшысы азаматтардан осы күндері үйлерінде болуды сұрады.
Соңғы жаңалықтар