Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астана мен Алматыдан Дубайға қатынайтын бағытта әуе билеттерінің құны арзандады - Air Astana

АСТАНА. ҚазАқпарат - Air Astana әуе компаниясы 25 қазаннан бастап Астана мен Дубай арасындағы рейсті қайта жандырмақ.

Астана мен Алматыдан Дубайға қатынайтын бағытта әуе билеттерінің құны арзандады - Air Astana

«25 қазаннан бастап біз Астана мен Дубай арасындағы рейсті қайта іске қосамыз. Сонымен қатар, Дубайға қатынайтын рейстерде ең төменгі тарифтің бағасы төмендетілгенін хабарлаймыз. Алматы-Дубай бағытында барып-қайту билетінің құны 80 000 теңгеден, Астана-Дубай бағытында 85 000 теңгеден басталады. Сондай-ақ енді эконом-класс жолаушылары қосымша 10 келі жүк ала алады», делінген әуе компаниясыныі Фейсбук желісіндегі хабарламасында.

Билеттерді әуе компаниясының сайты арқылы сатып алуға болады.