11:48, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Астана мен Алматының тұрақтандыру бағдарламалары «Самұрық-Қазына» қорымен тығыз байланыста болуы қажет ? Үкімет басшысы
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Астана мен Алматының тұрақтандыру бағдарламалары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорымен тығыз байланыста болуы қажет.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер- Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясындағы іс-шаралардың басым бөлігі Астана мен Алматы қалаларымен байланысты болмақ. Сондықтан еліміздің ірі қаржы институты «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры осы қалалардың тұрақтандыру бағдарламаларын әзірлеу ісіне атсалысуы тиіс», дей келе Үкімет басшысы К. Мәсімов осы мәселе бойынша тиісті жұмысты атқаруды «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Қайрат Келімбетовке тапсырды. «Дағдарысқа қарсы бағдарламада Астана мен Алматы қалаларына ерекше басымдық беріліп отыр. Сондықтан қаңтардың 27-сінде өтетін Үкімет отырысында осы екі қала әкімінің есебін тыңдауды дұрыс деп санаймын», деді К. Мәсімов.