Астана мен Атырауда жазатайым оқиғалардың салдарынан екі бала шетінеді

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Астана мен Атырауда жазатайым оқиғалардың салдарынан екі бала опат болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Астанадағы Оңтүстік-Шығыс ықшамауданында кеше, мамырдың 13-і күні сағат 14.35-те қайғылы оқиға орын алды. Ашық кәріздік құдыққа абайсызда құлап кеткен үш жасар бала оқиға орнында шетінеді.Ал Атыраудағы «Алмагүл» ықшамауданында таңертең сағат 9-дарда тұрғын үйдің сегізінші қабатынынан құлап кетіп, бес жасар бала көз жұмды.
Соңғы жаңалықтар