Астана мен Челябі арасында жаңа пойыз жолға шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2016 жылдың 3-ші шілдесінен бастап жаңа «Астана-Челябі» пойызы жолға шығады, «Жолаушылар тасысмалы» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

«Бұл бағыт   Ресей темір жолы компаниясымен бірлесіп  жолаушылардың Челябіден   №145/146  «Челябі-Мәскеу-Санкт-Петербор» пойызына ауысып мінуі үшін ыңғайлы жасалған. Енді еліміздің Рудный, Костанай және баска елді мекендердің тұрғындары үшін Ресей қалаларына тез жететін тамаша мүмкіндік туып отыр», -  делінген хабарламада.

Пойыз Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Костанай және Троицк стансалары арқылы жүреді.   Астанадан 16 сағат 00 минутта, ал Челябіден 10 сағат 56 минутта аттанады. Челябіге дейін жүретін уақыты - 19 сағат 26 минут, кері қарай -20 сағат 20 минут .

Пойыз   Астана қаласынан 2016 жылдың  2-ші шілдесінен бастап, ал Челябіден  3  шілдеден бастап күнара қаатынайтын болады.

Соңғы жаңалықтар