Астана мен Габаны қалаларының жас боксшылары жастар спарингтік жекпе-жегін өткізеді
АЛМАТЫ. Қазанның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Елордада бокстан Қазақстанның Астана және Кубаның Габаны қалаларының жастар құрамалары арасында бірлескен оқу-жатығу жиыны өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Спорт комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол қыркүйектің 28-інде басталған болатын. «Каспий» спорт кешенінде өтіп жатқан бұл шара қазанның 7-сіне дейін созылады. Оны ұйымдастырған Астана қаласының Әуесқой бокс федерациясы. Жиын соңында енді екі елдің жас былғары қолғап шеберлері қазанның 5-6 күндері спарингтік жекпе-жектер өткізбек. Жалпы, Астана қаласының құрама командасында кеңесші-бапкер қызметін Куба елінің маманы атқарады.