Астана мен Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық және тарихи-саяси дамуы талқыланатын конференция өтеді
АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - 21 қазан күні «Алтай» технопаркінде Астана қаласының Шығыс Қазақстан облысындағы күндері аясында «Астана және аймақтар: тұрақты даму стратегиясы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференция жұмысына саясаттану, әлеуметтану, экономика, сәулет және тарих салаларының мамандары, сондай-ақ Астана мен ШҚО-ның жетекші ғалымдары қатысып, елорда мен Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық және тарихи-саяси дамуын талқылайтын болады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар - Астана қаласының және Шығыс Қазақстан облысының әкімдіктері.