12:07, 08 Ақпан 2024 | GMT +5
Астана мен Көкшетауда екінші ауысымдағы сабақ онлайн өтетін болды
АСТАНА. KAZINFORM - Астана мен Көкшетау қалаларында ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары онлайн оқитын болды.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды" деп хабарлайды елорданың білім басқармасы.
Сондай-ақ, Көкшетау мектептерінде екінші ауысымдағы 1-7 сынып оқушылары онлайн оқитын болды.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты (желдің 20 м/с дейін күшеюі, боран) 8 ақпанда екінші ауысымдағы 1-7 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі», — делінген қалалық білім бөлімінің хабарламасында.