Астана мен Найроби арасында тікелей әуе қатынасын ашудың перспективасы мол – Президент

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы «Қазақстан-Кения» бизнес форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Жиында Уильям Руто Кения мен Қазақстан ықпалдаса отырып, Африка және Орталық Азия арасында жаңа экономикалық көпір орната алатынына сенімді екенін жеткізді.

– Осында жиналған бизнес көшбасшыларын диалогтан – келісімге, байланыс орнатудан инвестицияға көшуге, қос халықтың игілігі үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, өнеркәсіп орындарын дамытуға шақырамын. Іскерлік ықпалдастықты ілгерілету үшін Астана мен Найроби арасында тікелей әуе қатынасын ашудың перспективасы мол. Шығыс Африка нарығына қызығушылық танытқан қазақстандық компанияларға Момбаса мен Ламу порттары қызмет етуге әрдайым әзір. Бүгін Астанада біздің елімізден келетін тауарларға арналған логистикалық хаб салу жөнінде уағдаластық. Мен бұған қуаныштымын, – деді Кения Президенті. 

Осыған дейін Қазақстанда Кенияның сауда хабы ашылатыны туралы жаздық.