Астана мен Өскемен арасында жаңа жүрдек пойыз қатынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында 2014 жылдың 14 желтоқсанынан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған «Астана-Защита» (Өскемен) бағытындағы №68/67 жолаушылар пойызын жібереді.

Астана мен Өскемен арасында жаңа жүрдек пойыз қатынайды

Құрам аптасына үш рет қатынайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 19 «Турист», 1 вагон ресторан, 1 вагон-бар және 2 техникалық вагон.

Құрам Ерментау, Екібастұз-1, Павлодар, Ақсу-2, Дегелең, Семей, Шар станцияларына аялдайды. Өскеменге дейінгі жол 16 сағат 50 минутты, қайтар жол 16 сағат 45 минутты құрайды.