Астана мен Тараз қалаларының арасында ұшақтар қайта ұшырыла бастайды - Эйр Астана

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Астана-Тараз бағытындағы рейс қайта жаңғыртылатын болды, деп хабарланған «Эйр Астана» әуе компаниясының Фейсбук желісіндегі парақшасында.

Астана мен Тараз қалаларының арасында ұшақтар қайта ұшырыла бастайды - Эйр Астана

«Эйр Астана» әуе компаниясы Астана мен Тараз қалалары арасында қатынайтын әуе рейстің қайта жаңғыртылғанын қуана хабарлайды. 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Астана-Тараз бағытындағы рейс аптасына төрт рет орындалатын болады. Барып-қайту билетінің құны, барлық алымдарды қосқанда, 30 000 теңгеден басталады. Ішкі рейстерге билет сатып алу кезінде комиссиялық алым төленбейді», делінген хабарламада.