13:54, 30 Қаңтар 2023 | GMT +5
Астана мен Токио арасындағы әуе рейстері қайта ашыла ма
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Жапония Астана-Токио тікелей әуе рейсін қалпына келтіру немесе жаңа бағыттар ашу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сыртқы істер министрлігі елшілігіміз арқылы әуе рейсін қайта қалпына келтіру немесе жаңа бағыттарды ашу бойынша келіссөз жүргізу үстінде. Әрине, біз осындай танымал рейстерді қайта ашуға мүдделіміз. Өкінішке қарай, қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Өйткені, жапон тарапымен келіссөз жүріп жатыр», - деп тоқталды Айбек Смадияров.
Ведомствоның ресми өкілі пандемия көптеген елдердің жоспарына өзгеріс енгізгенін атап өтті.
Сондықтан қазір бұрын басталған келіссөзді қайта жалғастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, сұның алдында Астана мен Бейжің арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылатынын хабарлаған едік.